Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұлов UFC-де төртінші рет жеңілді

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: Louis Grasse/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 56 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз турнирде АҚШ спортшысы Джефф Молинаға қарсы жекпе-жек өткізді.

Кездесу үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Молина жеңімпаз атанды (29-28, 30-27, 28-29).

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC-де төртінші рет қарсыластарына есе жіберді. Отандасымыз аталған лигада бір ғана кездесуде жеңіске жектен. Оның қарсыласы Джефф Молина қатарынан сегізінші айқасын ұтып отыр.

Айта кетейік, UFC-де үш қазақстандық файтер - Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1972591-zalgas-zumagulov-ufc-de-tortinsi-ret-zenildi/

pixel