Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" клубынан 13 хоккейші кетті

Опубликовано:

Хоккей
Фото: "Барыс" хоккей клубы

Қазақстан хоккей лигасы ресми сайты қазақстандық "Барыс" хоккей клубының жаңа құрамын таныстырды, деп жазады Sports.kz.

Елордалық клубта 12 хоккейші қалды: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Егор Шалапов, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков.

Ал "Барыстан" кеткен 13 ойыншының қатарында Йони Ортио, Олле Альсинг, Эрик Мартинссон, Джо Морроу, Валерий Орехов, Роман Савченко, Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк, Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко, Томаш Юрчо бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда "Барыс" Гагарин Кубогының 1/8 финалына дейін жетіп, "Металлургке" (сериядағы есеп 1-4 ) есе жіберген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1972836-barys-klubynan-13-xokkeisi-ketti/

pixel