Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттан" кеткен Құрбан Бердыев ресейлік "Спартактың" бас бапкері болуы мүмкін

Опубликовано:

Құрбан Бердыев
Құрбан Бердыев. Фото: Getty Images

Журналист Иван Карпов Telegram-каналында "Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыевтің мәскеулік "Спартакты" жаттықтыруы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Inoprosport.ru.

Журналистің мәліметінше, футбол агенттерінің арасында Құрбан Бердыев мәскеулік команданың бас бапкері лауазымына үміткер жаттықтырушының бірі деген қауесет бар.

Айта кетейік, 2019 жылы "Спартак" пен Құрбан Бердыев арасында келіссөз жүргізілген болатын. Алайда қос тарап ортақ шешімге келе алған жоқ.

Осыдан кейін БАҚ беттерінде мәскеулік ұжымның иесі Леонид Федун Құрбан Бердыевке тіл тигізді деген ақпарат тарады.

Еске сала кетейік, 6 маусым күні Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973038-qairattan-ketken-qurban-berdyev-reseilik-spartaktyn-bas-bapkeri-boluy-mumkin/

pixel