Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Алматылық клуб
Фото: vk.com/fckairat

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері болып Кирилл Кекер тағайындалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық ұжымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Кирилл Кекер – жас ойыншылармен жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие. Ол "Қайрат" футбол клубы академиясының ең табысты мамандарының бірі.

2019-2020 жылдардағы маусымда Кирилл Сергеевич "сары-қаралардың" негізгі командасында бас бапкердің көмекшісі қызметінде болып, біріншіліктің алтынын жеңіп алды.

2021 жылғы маусымды ол "Қайрат Жастардың" бас бапкері статусында бастап, маусым айында "Қайрат" бас бапкері міндетін атқарушы болды.

2022 жылдың қаңтарында Кекер "Қайрат Мәскеу" футбол клубының жаттықтырушысы ретінде таныстырылды.

"Қайрат" футбол клубы Кирилл Сергеевичке негізгі команда тізгінінде "үлкен жеңістері көп болсын" деп сәттілік тілейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 6 маусым күні Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973223-qairat-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-tagaiyndaldy-foto/

pixel