Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: John Berry/Getty Images

Франция мен "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды, деп хабарлайды Чемпионат.

Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингінде көш бастады. Француз шабуылшысының құны 206 миллион еуроға бағаланып отыр.

Екінші орында соңғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы, мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор тұр. Оның трансферлік құны 185 миллион еуро.

Үшінші орынға жақында ғана "Манчестер Сити" сапына ауысқан норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холланд жайғасқан. Оның құны 153 миллион еуроны құрайды.

Үздік ондыққа Педри "Барселона" ( 135 млн еуро), Джуд Беллингем "Боруссия Д" ( 134 млн еуро), Филип Фоден "Манчестер Сити" ( 124 млн еуро), Френки де Йонг "Барселона" ( 112,5 млн еуро), Луис Диас "Ливерпуль" ( 110 млн еуро), Рубен Диаш "Манчестер Сити" ( 110 млн увро) кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973235-alemdegi-en-qymbat-futbolsylardyn-tizimi-zariyalandy/

pixel