Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан құрамасы Сербияға ұшып барды (фото)

Опубликовано:

Нұралы Әліп
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті ойынын өткізу үшін Сербия астанасы Белградқа ұшып барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

"Ұлттық құраманың футболшылары сапарға дейін Словакияның Трнава қаласында жаттығу өткізді.

Беларусьпен матч маусымның 10-нан 11-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:45 басталады. Ойын Нови-Сад қаласында көрермендерсіз өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасының қарсыластары - Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамалары.

Алғашқы турда ел құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана арена" стадионында Әзербайжанмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Мачтағы екі голды шабуылшы Абат Айымбетов соқты.

6 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словакия құрамасын 0:1 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев салды. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов берді.

Екі кездесуде де қақпасына гол жібермеген Қазақстан құрамасы төрт командамен бірге "құрғақ" матч рейтингінде көш бастады. Сонымен қатар Адиевтің шәкірттері сейв саны бойынша да бірінші орында тұр. Қазақстанмен алғашқы орындарды Гибралтар мен Хорватия бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1973267-ulttar-ligasy-futboldan-qazaqstan-quramasy-serbiyaga-usyp-bardy-foto/

jitsu gif