Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чарло мен Андрадені нокаутқа жіберетініме сенімдімін": Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспары туралы айтты

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды The Ring.

Айта кетейік, 22 мамырда отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасқан еді.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді.

29 жастағы боксшының айтуынша, ол британиялық қарсыласын нокаутқа түсіретініне сенімді болған.

"Мен жекпе-жек басталғанға дейін Дигнумды жеңдім. Оның жанарынан қорқыныш пен үрейді аңғардым. Мен айқастың оңай болатынын айттым. Сөзім дәл келді. Барлығына күшті әрі керемет боксшы екенімді дәлелдедім. Бұл жылдың үздік нокауты болады деп ойлаймын", - деді Әлімханұлы.

Осы орайда отандасымыз алдағы жоспарын бөлісіп, орта және екінші орта дивизиондағы әлем чемпиондарымен жұдырықтасқысы келетінін жеткізді.

"Мен әлі де ашпын, чемпиондармен жұдырықтасқым келеді. Менің келесі қарсыласым әлем чемпионы немесе танымал боксшы болады деп үміттенемін. Чарло мен Андрадені нокаутқа жіберетініме сенімдімін. Содан кейін "Канело" мен Бенавидесті "сабайтын" боламын", - деді қазақстандық боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1973271-carlo-men-andradeni-nokautqa-ziberetinime-senimdimin-zanibek-alimxanuly-aldagy-zospary-turaly-aitty/

pixel