Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь пен Қазақстан арасындағы кездесуде төрелік ететін төрешілер тобы белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өтетін Беларусь пен Қазақстан арасындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас төреші міндетін Мануэль Шюттенгрубер атқарады.

Оның қапталдағы көмекшілері – Роланд Бранднер және Роберт Штайнахер.

Қосалқы төреші – Рене Айснер. VAR төрешілері – Кристиан-Петру Чокирка және Алан Кияс. Төрешілердің барлығы Аустрия елінен. 

Беларусь – Қазақстан ойыны маусымның 10-нан 11-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасының қарсыластары - Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамалары.

Алғашқы турда ел құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана арена" стадионында Әзербайжанмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Мачтағы екі голды шабуылшы Абат Айымбетов соқты.

6 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словакия құрамасын 0:1 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев салды. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов берді.

Екі кездесуде де қақпасына гол жібермеген Қазақстан құрамасы төрт командамен бірге "құрғақ" матч рейтингінде көш бастады. Сонымен қатар Адиевтің шәкірттері сейв саны бойынша да бірінші орында тұр. Қазақстанмен алғашқы орындарды Гибралтар мен Хорватия бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973433-belarus-pen-qazaqstan-arasyndagy-kezdesude-qyzmet-atqaratyn-toresiler-toby-belgili-boldy/

pixel