Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезекті жекпе-жегінде жеңіске жеткен қазақстандық боксшылардың рейтингтегі көрсеткіші жақсарды

Опубликовано:

Боксшы
Бек Нұрмағанбет. Фото: sports.kz

Таяуда АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) пен Евгений Павловтың (7-0, 5 КО) әлемдік рейтингтегі көрсеткіші жақсарды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бек Нұрмағанбет америкалық Хайнелл Уиллерді екінші раундта нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec-тің супер орта салмақтағы рейтингінде 73-орыннан 68-орынға көтерілген.

Мексикалық Алексис Салидоны жеңген Евгений Павлов екінші жеңіл салмақтағы рейтингте 62-орыннан 55-орынға көтерілген.

Айта кетейік, бұл екі қазақстандық боксшы да WBA International нұсқасы бойынша өз салмақтарында чемпион атағына ие.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын бөлісіп, орта және екінші орта дивизиондағы әлем чемпиондарымен жұдырықтасқысы келетінін жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1973454-kezekti-zekpe-zeginde-zeniske-zetken-qazaqstandyq-bokssylardyn-reitingtegi-korsetkisi-zaqsardy/

pixel