Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, рингте сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

Опубликовано:

боксшысы қызына ұсыныс жасады
Фото: Instagram/fightwear

Ресейлік боксшы Василий Войцеховский отандасы Гасан Гасановпен қолғап түйістіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Осыдан кейін спортшы шаршы алаңда сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қос былғары қолғап шебері арасындағы бокс кеші 9 маусымда Мәскеу қаласындағы түнгі клубтардың бірінде өтті.

Войцеховский қарсыласын бесінші раундта нокуатқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, бұл Василий Войцеховскийдің тоғызыншы жеңісі. Боксшы мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Жекпе-жектен соң Василий Войцеховский шаршы алаңға сүйіктісін шақырып, тұрмысқа шығуға ұсынысын жасады. Боксшының болашақ жары оған келісімін берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Теннесси штатында 77 жастағы Альмеда Хардвик өзінен 54 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанын жазған едік.

Әжей сүйіктісімен ұлының жерлеуінде танысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1973532-reseilik-bokssy-qarsylasyn-nokautqa-tusirip-ringte-suiiktisine-turmysqa-syguga-usynys-zasady-video/

pixel