Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан — сөзсіз фаворит": Андрей Карпович Беларусь — Қазақстан матчына болжам жасады

Опубликовано:

Андрей Карпович
Андрей Карпович. Фото: Parimatch Kazakhstan

"Ақтөбе" ФК бас бапкері Андрей Карпович Ұлттар Лигасының топтық кезеңі аясында Беларусь пен Қазақстан арасындағы алдағы тартысқа болжам жасады. Матч қызықты болады деп күтілуде.

Матч 11 маусым күні Нұр-Cұлтан уақытымен 00:45-те өтеді. Чемпионат басында ұлттық құраманың сенсациялық жетістігінен кейін қазақстандықтар сырт алаңда жеңісті асыға күтуде. Сарапшылар да Қазақстанды кездесудің фавориті деп алдын ала атап, дәл осындай қорытындыға келді.

Біздің құрамаға ресми демеушісі  Parimatch беттинг компаниясы болып табылатын "Ақтөбе" ФК жаттықтырушысы Андрей Карпович та жанкүйер. Оның пікірінше, матч қиын әрі қызықты болады.

"Біздің алдымызда әр түрлі қилы жағдайлар бар. Біздің құраманың топта көшбасшы позициясы бар, олар матчтың сөзсіз фавориттері. Олар үш гол соқты, бірде-бір доп жіберіп алған жоқ. Беларусь, тиісінше, бір гол жіберіп алған аутсайдер болып табылады. Егер біз нақты матчты қарастырып, жеке кездесулердің статистикасына көз жүгіртетін болсақ, онда бәрі нақты емес. Ойын шиеленісті және өте қиын болып өтуі мүмкін. Біздің команда жақсы бастама берді. Олар екі матчта да доп жіберіп алмады және бұл факті қарсыласуда айтарлықтай көмектеседі. Егер команда сенімді ойнайтын болса, онда бізге тағы үш ұпай беріледі", - дейді Андрей Карпович.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта Словакия мен Әзірбайжанды екі рет жеңгеннен кейін топта бірінші орында тұр. Ұлттар Лигасы тобынан шығу енді мақсат емес, шындыққа ұласады. Бұл тек жанкүйерлерге ғана емес, командаға да сенімділік береді.

"Барлығы балаларға байланысты. Олар өздерін істе көрсетуге дайын екендігін сезінді. Алдыңғы екі жеңіс ойыншылардың сенімділігіне оң әсер етті. Команда өте ұйымдасқан түрде ойнай алады. Енді бәрі тек олардың қалауы мен мүмкіндіктеріне байланысты. Менің ойымша, қазір келесі топқа шығу мақсатын сенімді түрде қоюға болады", - деп жалғастырды Карпович.

Карпович команданы қолдап, матчты одан да қызықты еткісі келетіндер үшін өз болжамын ұсынды: жақсы коэффициенті 2,14 болатын Қазақстан (0) форамен жеңеді немесе Қазақстан ұтылмайды және 2,17 коэффициентімен тотал 2,5 төмен болады.

Parimatch жаңа ойыншыларға алғашқы депозитке 5000 теңге береді. Құрамамен бірге жеңіңіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973603-qazaqstan-sozsiz-favorit-andrei-karpovic-belarus-qazaqstan-matcyna-bolzam-zasady/

pixel