Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев Қазақстан-Словакия арасындағы матчтың фаворитін атады

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев баспасөз мәслихатында Қазақстан-Словакия арасындағы матчтың фаворитін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мен турнир басталмас бұрын Словакияның фаворит екенін айтқан едім. Мұны топтағы басқа командалар да растады. Бәрі ойыннан кейін нақтыланады деп ойлаймын", - деді бас бапкер.

Осы орайда бас бапкер қазақстандықтарды ел құрамасына жанкүйер болуға шақырды.

"Мен ұлттық құраманы қабылдаған кезде бір журналист команданы әлсіз деп айтқан еді. Мен олай ойламаймын.

Егер Қазақстан құрамасын біз сыйламасақ, онда команданы басқа ешкім де құрметтемейді. Жігіттерді әлсіз деп айтуға болмайды.

Қосалқы құрамнан шыққан футболшылар да ойынға жақсы қосылды. Футболда жеңіспен қатар, жеңіліс те болады. Ең бастысы командадағы футболшылар жұрекпен ойнауы қажет. Қарсыласты да құрметтей білуіміз керек. Егер мұны жасау қолымыздан келсе, Қазақстан құрамасының деңгейі айтарлықтай жоғарылайды", - деді ол.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасының қарсыластары - Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамалары.

Алғашқы турда ел құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана арена" стадионында Әзербайжанмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Мачтағы екі голды шабуылшы Абат Айымбетов соқты.

6 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словакия құрамасын 0:1 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев салды. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов берді.

Үшінші турда ел құрамасы сырт алаңда Беларусьпен тең ойнады. Есеп 1:1. Қазақстан командасынан Абат Айымбетов мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, үш турдан кейін ел құрамасы турнирлік кестеде 7 ұпаймен бірінші орында тұр. Бүгін Магомед Адиевтің шәкірттері "Астана аренада" Словакиямен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973805-magomed-adiev-qazaqstan-slovakiya-arasyndagy-matctyn-favoritin-atady/

pixel