Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ұлттар лигасында Словакияны жеңді

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы
Фото: prosports.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының "С" тобында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елордада өткен матчта Магомед Адиевтің шәкірттері Словакия құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Ойынның 18-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 39-минутта Эльхан Астанов мергендігімен көзге түсті. Ал қарсыластардың голын 51-минутта Матуш Беро соқты.

Айта кетейік, словакиялықтар матчты он адам болып аяқтаған. Кездесудің бітуіне үш минут қалғанда ойын ережесін өрескел бұзғаны үшін Ондрей Дуда қызыл қағаз алды.

Осылайша, Қазақстан командасы 10 ұпаймен "С" тобында көш бастады. Одан кейінгі орынға 6 ұпай жинаған Словакия жайғасты.

Айта кетейік, екі ел футболшылары арасындағы алғашқы матч та 1:0 есебімен Қазақстан пайдасына шешілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973926-qazaqstan-ulttar-ligasynda-slovakiyany-zendi/

pixel