Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Словакияны жеңген қазақстандық футболшылардың жеңісті тойлаған сәті желіні жарды

Опубликовано:

Словакияны жеңген қазақстандық футболшылар жеңісті тойлауда
Видеодан кадр: instagram.com/kff_team

Ұлттар лигасында Қазақстан үшінші матчта жеңіске жетті. "Астана Арена" стадионында өткен қарымта кездесуде отандық футболшылар Словакияны қабылдап, 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сырт алаңда өткен кездесуде де Қазақстан командасы Словакиядан 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Бұл жеңіс жанкүйерлерді де, футболшыларды да ерекше қуантып тастады. Қазақстан футбол федерациясының желідегі ресми аккаунты жеңістен кейінгі құрама ойыншыларының қуанышы бейнеленген роликті жария етті.

Видеодан футболшылардың киім ауыстыратын бөлмеде жеңісті тойлап, Нұралы Әліптің Қазақстанның көк туын жамылып жүргенін байқауға болады.

Сондай-ақ олар бас бапкер мен федерация президенті Әділет Барменқұловты да ерекше құттықтаған.

Айта кетелік, Қазақстан мен Словакия арасындағы екінші матчта біздің команда сапынан Ян Вороговский мен Эльхан Астанов көзге түсті.

Қазір Қазақстан командасы өз тобында 10 ұпаймен көш бастап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973934-slovakiyany-zengen-qazaqstandyq-futbolsylardyn-zenisti-toilagan-sati-zelini-zardy-video/

pixel