Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаша қуандым": Магомед Адиев ел құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтті ойынына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев Словакиямен болған матчтан кейін ел құрамасының Ұлттар Лигасындағы ойынына баға беріп, шәкірттеріне және жанкүйерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

"Біз он күн ішінде небәрі он бес шақты футболшымен ойнап шықтық. Еліміздің көрсеткен қолдауын да айта кету керек. Олар бізге күш беріп, алға жетеледі", - дейді бас бапкер.

Магомед Адиев жеңіске жету жолында Ұлттар лигасында бар күшін салып ойнап жатқан Қазақстан құрамасы ойыншыларының еңбегі орасан зор екенін атап өтті.

"Футболда жеңіспен бірге, жеңіліс те қатар жүреді. Беларусьпен өткен матчтың соңғы жағында гол жіберіп, ұтылып қалуымыз мүмкін еді. Ең бастысы, біз бапкерлер штабымен бірге киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераны жақсарта алдық.

Командада мықты ойыншылар мен үздік бапкер бола тұра, бірлік болмаса, нәтижеге жету өте қиын. Футболшылар бар күшін салды. Бұл олардың мерекесі. Бас бапкерге қарағанда ойыншылардың еңбегі көп болды.

Алғаш рет жеңісті осылай тойлаған шығармын. Жігіттердің арқасында эмоцияға ерік беріп, балаша қуандым. Бұл үшін оларға көп рахмет", - дейді Магомед Адиев.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасының қарсыластары - Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамалары.

Алғашқы матчта ел құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана арена" стадионында Әзербайжанмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесуде екі голды шабуылшы Абат Айымбетов соқты.

6 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словакия құрамасын 0:1 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев соқты. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов шығарып берді.

Үшінші турда ел құрамасы сырт алаңда Беларусьпен тең ойнады. Есеп 1:1. Қазақстан командасынан Абат Айымбетов мергендігімен көзге түсті.

Ал кеше, 13 маусымда "Астана аренада" Қазақстан мен Словакия арасындағы екінші кездесу болды. Бұл матчта ел құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан Ян Вороговский мен Эльхан Астанов гол соқты.

Осылайша, төрт турдан кейін ел құрамасы турнирлік кестеде 10 ұпаймен бірінші орында тұр.

Ұлттар лигасының топтық кезеңі қыркүйек айының соңында аяқталады. 22, 25 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Беларусь және Әзербайжанмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973941-balasa-quandym-magomed-adiev-el-quramasynyn-ulttar-ligasyndagy-satti-oiynyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel