Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралия құрамасы футболдан әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды

Опубликовано:

стадион
Көрнекі фото: pixabay.com

Футболдан құрлықаралық плей-офф матчында Австралия құрмасы Перуді ұтып, Катарда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Құрамалар арасындағы кездесу Катардың Эр-Райян қаласында өтті. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Қосымша уақытта да командалар гол соға алған жоқ.

Дегенмен пенальти сериясында австралиялықтардың жолы болды (есеп: 5-4).

Осылайша, Австралия құрамасы футболдан әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Австралия D тобында өнер көрсетеді. Бұл топта Туннис, Дания, Франция құрамалары бар.

Айта кетейік, Австралия құрамасы өз тарихында футболдан әлем чемпионатына алтыншы рет қатысқалы отыр. 2018 жылғы Ресейдегі әлем чемпионатында австралиялықтар өз тобында соңғы болды.

Ал биылғы әлем чемпионатының соңғы қатысушысы сейсенбі күні Коста-Рика мен Жаңа Зеландия құрамалары арасындағы матчта анықталады.

Футболдан Катардағы әлем біріншілігі 20 қараша мен 18 желтоқсанда аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973969-avstraliya-quramasy-futboldan-alem-cempionatyna-qatysu-mumkindigine-ie-boldy/

pixel