Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсыласқа деген құрмет және ойынға деген махаббат": Қазақстанда әуесқой футбол қалай дамуда?

Опубликовано:

Лаша Казаишвили
Лаша Казаишвили. Фото: Parimatch Kazakhstan

Қазақстанда әуесқой спорт кеңінен танымал. Бұған шағын футбол лигасы жақсы мысал бола алады. Лигаға жүлде қоры мен чемпион атағы үшін күрескісі келетін ондаған команда үнемі қатысады. ШФЛ директоры Лаша Казаишвили лиганың қалай құрылғаны және қайда ұмтылатыны туралы мәліметтерді ұсынды.

Шағын футбол лигасын (ШФЛ) 2003 жылы Алматыда нағыз футбол әуесқойлары құрған. Содан бері ұйым айтарлықтай өсті және бүгінгі күні әр түрлі жас санаты арасында жыл бойы чемпионаттар өткізеді. Лиганың басты серіктесі — Parimatch беттинг компаниясы болып табылады.

ШФЛ-дың қазіргі директоры Лаша Казаишвили өз сұхбатында лиганың одан әрі дамуының жоспарларын бөлісті.

— ШФЛ құру идеясы қалай келді ? Оның тарихы неден басталды?

— Лиганы Олег Валерьевич Прекраснов құрды. 2003 жылы ол және оның бірнеше досы таныс футбол жанкүйерлері арасында алты команданың алғашқы турнирін өткізді. Бұл Қазақстандағы алғашқы әуесқой лиганың бастауы болды.

Мен лиганы 2018 жылдан бастап басқарамын. Олег Валерьевичке маған сенім артқаны үшін өте ризамын. Ол осы күнге дейін маған кеңес беріп, қолдау көрсетіп келеді.

— Уақыт өте келе лига қалай дамыды? Әуесқой турнирлерді танымал ету үшін қандай әдістер қолданылды?

— ШФЛ дамуы сөзсіз болды. Футбол — әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы ең танымал спорт түрі.

Әр түрлі кезеңе біздің чемпионаттарды жақсартудың жаңа тәсілдері қолданылды. Бір кездері матчтардың суреттері де бір керемет нәрсе болған, ал қазір тікелей эфирді сәл кешіктірсең, телефон ашуға булыққандардан жарылып кете жаздайды. Әрине, жақсы нәрсеге тез үйренеміз және бұл дұрыс! Қатысушыларымызды сынау және мадақтау бізге одан да жақсы болуға көмектеседі.

— Лиганы дамыту бойынша жақын арада қандай жоспарларыңыз бар? Қандай ұзақмерзімді мақсаттар бар?

— Жоспарлар әрқашан үлкен, бірақ ешкім экономикалық компонентті жойған жоқ. Біз Parimatch сияқты сенімді серіктестеріміздің бар екеніне ризамыз, олардың қолдауы біздің идеяларымыздың көп бөлігін жүзеге асыруға көмектеседі. Біз Youtube-те хабар таратуды, VAR жүйесін, сыйлықтар, жүлделер, бонустар және тағы басқаларды енгіздік. Және бұл тек басы ғана.

— ШФЛ Қазақстанның бірнеше қалаларында бар. Сіздің одан әрі кеңею жоспарыңыз бар ма?

— Басқа қалалар мен өңірлерде даму тек қана өз жолымен болатын табиғи нәрсе. Егер бізге ынтымақтастық ұсынылса, біз өтеусіз негізде шарттар жасасамыз және біздің мүмкіндіктеріміз шеңберінде қолдау көрсетеміз. Бұған жақсы мысал — Талдықорған. Онда, тіпті ШФЛ аренасы салынды. Сондай-ақ турнирлер Қапшағай мен Бақанаста өтеді. Үлкен еліміздің басқа қалаларынан да ұсыныстар келіп түсуде.

- Сіздің ойыңызша, ШФЛ қатысушылар үшін нені білдіреді? Оларды қатысуға не итермелейді және турнирден қандай эмоциялар алады?

- Қатысушыларға арналған ШФЛ — бұл өмір салты. Мен мұны нақты білемін, өйткені мен өзім көшбасшы болғанға дейін 10 жыл лигада ойнадым. Эмоциялар әрқашан межесінен асып түсіп жатады! Олар айтқандай, "алаңда достар жоқ". Бірақ ойыннан кейін қарсыласты, төрешілерді құрметтеу және ойынға деген сүйіспеншілік деген сияқты қасиеттер алдыңғы қатарға шығады.

Ойынға деген сүйіспеншілік тек алаңда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де көрінеді. ШФЛ-мен ынтымақтастық құрметіне Parimatch жаңа ойыншылардың алғашқы толықтырылуына +200% сыйлайды. Ең жақсы футбол оқиғаларына төлем жүргізіңіз!

Сіз ресми сайтта ШФЛ-мен жақынырақ таныса аласыз: https://mfl.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1974248-qarsylasqa-degen-qurmet-zane-oiynga-degen-maxabbat-qazaqstanda-auesqoi-futbol-qalai-damuda/

pixel