Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Федотов ЦСКА-ның бас бапкері болып тағайындалды

Опубликовано:

Владимир Федотов
Фото: pfc-cska.com

Владимир Федотов мәскеулік ЦСКА-ның бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәскеулік клубтың мәліметінше, команда бүгін, 15 маусымда Владимир Федотовтың басшылығымен Новогорск базасында жаңа маусымға дайындықты бастамақ.

Белгілі болғандай, Владимир Федотов ЦСКА-мен ұзақ мерзімге келісімшартқа отырған.

Жаттықтырушылар штабында Федотовтан бөлек, Олег Фоменко, Мурат Искаков және Радик Ямлиханов бар. Бұл мамандардың барлығы Федотовпен бірге бұған дейін "Сочи" футбол клубында бірге жұмыс істеген.

Айта кетейік, Владимир Федотов "Сочиді" 2020 жылдан бастап жаттықтырды. 2021/22 жылғы маусымда команда Ресей чемпионатында екінші орын алды. Бұл - "Сочи" клубы үшін рекордтық көрсеткіш.

Ал ЦСКА Ресей біріншілігінде бесінші орынға табан тіреді. Мәскеулік ұжымды өткен маусымда Алексей Березуцкий жаттықтырды.

Еске сала кетсек, ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов та өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1974254-vladimir-fedotov-cska-nyn-bas-bapkeri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel