Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: "Қайрат" командасының капитаны клубтан кетті

Опубликовано:

Яцек
Яцек Гуральский. Фото: Вконтакте/ФК Қайрат

Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский алматылық клубтан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қайраттың" ресми сайтына сілтеме жасап.

Яцек "Қайрат" сапына 2020 жылы қаңтар айында қосылды. Сол уақыттан бері Польша құрамасының жартылай қорғаушысы 37 матчқа қатысып, соның ішінде УЕФА Конференция Лигасы аясында 4 ойын өткізген.

2020 жылы Гуральский "Қайрат" сапында Қазақстан біріншілігін жеңіп алды, бір жыл өткен соң ел Кубогының иегері атанған болатын.

"Сары-қаралардың" үлкен отбасы Яцекке шын жүректен алғыс білдіреді. Тамаша ойын көрсетіп, команданың көшбасшысы бола білді. Алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз", - делінген алматылық клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 6 маусым күні Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1974414-resmi-qairat-komandasynyn-kapitany-klubtan-ketti/

pixel