Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" үш ойыншымен келісімшарт жасасты

Опубликовано:

“Қайрат”ФК
Фото: prosports.kz

"Қайрат" футбол клубы "Қайрат-Мәскеу" ойыншылары Александр Широбоков, Лев Кургин және Байжан Маделханмен келісімшарт жасасқанын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншылармен еңбек келісімі 2024 жылдың соңына дейін жасалды. 

Широбоков, Кургин және Маделхан "Қайрат" ФК түлектері. 2021 жылдың жазында олар "Қайрат-Мәскеу" футбол клубына ауысқан.

Мәскеуліктердің сапында Александр 10 матч, Лев - 29 (бір гол және бір нәтижелі пас), Байжан 34 ойын өткізіп, 5 гол және 3 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, осыған дейін Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский алматылық “Қайрат” клубынан кеткенін хабарлаған едік.

Яцек "Қайрат" сапына 2020 жылы қаңтар айында қосылған. Сол уақыттан бері Польша құрамасының жартылай қорғаушысы 37 матчқа қатысып, соның ішінде УЕФА Конференция Лигасы аясында 4 ойын өткізген. 2020 жылы Гуральский "Қайрат" сапында Қазақстан біріншілігін жеңіп алды, бір жыл өткен соң ел Кубогының иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1974633-qairat-us-oiynsymen-kelisimsart-zasasty/

pixel