Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: "Барыс" ойыншысының бір жылдық жалақысы 870 000 доллар

Опубликовано:

"Барыс" ойыншысының бір жылдық жалақысы жарияланды
Никита Михайлис: sports.kz

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис командамен жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім бойынша ол жылына 50 млн рубль (шамамен 870 000 доллар) жалақы алады, деп хабарлайды Ресейдің "Спорт-экспресс" басылымы.

"Спорт-экспресс" басылымының мәліметіне сенсек, біздің валютаға шаққанда, Никита бір жылда 390 миллион теңгеден астам жалақы алмақ. Бұл әлеуметтік желіде көптеген жанкүйердің ренішін тудырды.

Sports.kz порталының әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандар өз пікірлерін бөліскен.

"Ал біз болсақ төрешілерге арналған семинар өткізе алмай жүрміз. Өмірі зал бос болмайды, ұят", "Бұл ақшаны қайдан алады? Маған "Барысты" кім қаржыландыратыны қызық болып тұр", "Хоккей деген жақсы, әрине. Бірақ елде бұл ақшаны қажет ететін өзге де нәрселер бар", - деп жазды жанкүйерлер.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасында 47 матч өткізіп, 44 ұпай жинаған.

Бұған дейін "Барыс" командасын оның әкесі Юрий Михайлис жаттықтырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1974700-baq-barys-oiynsysynyn-bir-zyldyq-zalaqysy-870-000-dollar/

pixel