Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дамир Исмағұлов UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Опубликовано:

Дамир Исмағұлов
Дамир Исмағұлов. Фото: sports.kz

Қазақ файтері Дамир Исмағұлов Грузиядан шыққан швед спортшысы Гурам Кутателадзені жеңіп, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Файтерлер арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында UFC on ESPN 37 турнирі аясында өтті.

Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы кездесу Дамир Исмағұловтың жеңісімен аяқталды. Төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақ файтеріне берген.

Осылайша, Исмағұлов кәсіби мансабындағы 24-ші жеңісін, UFC-дегі бесінші жеңісін тойлауда. Бұған дейін ол UFC-де австралиялық Алекс Горджесті (7-1), испаниялық Хоэль Альваресті (19-3), бразилиялық Тьяго Мойзесті (15-6) және оның отандасы Рафаэль Алвесті (20-10) жеңген болатын.

Ал Гурам Кутателадзе кәсіби мансабында үшінші рет жеңіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1974702-damir-ismagulov-ufc-degi-besinsi-zenisine-qol-zetkizdi-video/

pixel