Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Усик пен Джошуа арасындағы реванштың қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Усик - Джошуа
Усик - Джошуа. Фото: Julian Finney/Getty Images

Украиналық боксшы Александр Усик пен британдық Энтони Джошуа арасындағы екінші жекпе-жек 20 тамызда өтеді, деп хабарлайды Sports.ru.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы IBF, WBA және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Александр Усик-Энтони Джошуа жекпе-жегін өткізетіндігін ресми түрде хабарлаған.

Реванш 20 тамызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Усик пен Джошуа арасындағы алғашқы жекпе-жек 2021 жылы Лондондағы Tottenham Hottspur стадионында өткен болатын.

Кездесу жоспарланған 12 раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер шешімімен шешуші раундтарда белсенділік танытқан Усик жеңіске жетті.

Үш төреші де жеңісті украиналық боксшыға берді (117-112, 116-112 және 115-113).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1974766-usik-pen-dzosua-arasyndagy-revanstyn-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel