Құрбан Бердыев жаңа қызметке тағайындалды
Опубликовано:

Алматылық "Қайрат", ресейлік "Рубин" және "Ростов" клубтарының бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыев жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол ирандық "Трактор" ұжымын жаттықтырады, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Сондай-ақ 69 жастағы маман клубтың техникалық директоры лауазымын қоса атқармақ. Бердыев өз міндетін 4 шілдеде бастайды деп күтілуде.
"Біз Бердыевтың тәжірибесі мен жанкештілігіне, сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауына сенеміз. "Трактордың" толағай табыстарының жаңа жолы басталды", - делінген клуб сайтында.
Еске сала кетейік, 6 маусым күні Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті.
Онымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1974922-qurban-berdyev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/