Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарыарқа" ХК бас бапкері NHL финалынан алған әсерін бөлісті

Опубликовано:

Петерис Скудра
Петерис Скудра. Фото: Parimatch Kazakhstan

"Тампа Бэй Лайтнинг" пен "Колорадо Эвеланштың" қатысуымен өткен NHL-дің финалдық сериясы барған сайын қызықты бола түсуде. "Сарыарқа" ХК бас бапкері Петерис Скудра плей-оффқа және финалдың одан әрі қалай өрбитініне қатысты өз пікірін бөлісті.

NHL-дің ең үздік командаларының екінші кездесуінде қазіргі чемпион "Тампа Бэй" 7:0 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Осылайша, Колорадо серияда 2 ұпаймен алға шығып қана қоймай, қарсылас командаға үлкен психологиялық соққы жасадыі.

Бұл матч әсіресе "Найзағайдың" жұлдызды қақпашысы Андрей Василевскийге қиынға түсті, оған команда үлкен үміт артып отыр. Өткен жексенбіде ол NHL-де 100 матч ойнаған алғашқы ресейлік қақпашы атанды. Өкінішке қарай, мерейтойда жеңісті де атап өту мүмкін болмады.

Серия бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 6:00-де жалғасты. "Тампа" 6:2 есебімен жеңіске жетіп, шеберлігін көрсетті. "Колораданың" бір қарағандағы артықшылығы шын мәнісінде әлдеқайда тұрақсыз болуы мүмкін. Parimatch-тің ресми серіктесі болып табылатын "Сарыарқа" ХК-ның бас бапкері Петерис Скудра да осындай пікірде.

"Талай жыл мұз айдынына шығып, жеңіске ұмтылып жүрген тұрақты ойыншыларының бар болуы "Тампаны" мықты ете түсуде. Олар ең шешуші сәтте жағдайды өз пайдасына шеше алады. Ал Василевскийдің командаға қосып жүрген үлесу шын мәнінде баға жетпес. Команда тұрақты ойнамаған сәттерде, ол ойынның "сәнін келтіреді"... Мұндай деңгейдегі қақпашы қарсыласын психологиялық тұрғыдан есеңгіретіп қана қоймай, командаға да, жанкүйерлерге де сенімділік береді. Сол себепті де "найзағайлар" үшінші рет финалға шығады", - дейді ол.

"Колорадо Эвеланш" туралы Скудра да жағымды пікір айтты:

"Колорадо" барлық маусымда өте жарқын хоккей көрсетіп келеді. Бұл, менің ойымша, Натан Маккиннон секілді көшбасшысы әрі Кейл Макар секілді лиганың үздік қорғаушысы бар мықты команда. Олар, сондай-ақ мықты әрі ойында тәжірибесі бар резервке ие. Жетекші ойыншылардың бірі Кадри қатардан шығып қалған кезде, бұл ойын сапасына әсер етпеді. Команда дәл осылай құрылуы керек және дәл осы команда "Тампадан" чемпион атағын тартып ала алады", - дейді ол.

Скудра соңғы кездесудің нәтижесінен кейін шынайы күрес енді басталатынын айтады.

"Серияның басында-ақ біз Колорадоның қаншалықты жеңіске оқталып отырғанын бағалай алдық. Василевский болмағанда, екінші матчтағы есеп әлдеқайда көп болар еді. Бірақ "Тампаның" артықшылығы да дәл осы қақпашысының, Стэмкос, Кучеров, Сергачев пен Хэдман сияқты көшбасшыларының бар болуында. Олар Василевский жеңіске жетуге мүмкіндік беретінін біледі. Сондықтан мен "Колорадоны" нағыз фаворит деп атаудан аулақпын. Серия енді басталды, ал "найзағайлар" уақыт өте келе ақылды, айлакер әрі тұрақты бола түсетін қарсыластар қатарында. Бүгінгі матч бұған айқын мысал бола алды", - дейді ол.

"Сарыарқаның" бас бапкері хоккейдегі топ-лигаға тек спорттық тұрғыдан емес, кәсіби тұрғыдан да қызығушылық танытады.

"Бізді өте қызықты серия күтіп тұр. Солтүстікамерикалық жанкүйерлерге қызғанышпен қараймын, өйткені олар ойынды өз көздерімен көре алады. Мен әрқашан матчтарды бағалаймын, жаттықтырушы ретінде заманауи тенденцияларды өзім үшін түртіп алып, бұл тәсілдерді біздің чемпионаттарымызда қолдануға тырысамын. Серия ұзаққа созылады деп үміттенейік. Мұның бәрі "Тампаға" байланысты", - дейді Петерис Скудра.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1975081-saryarqa-xk-bas-bapkeri-nhl-finalynan-algan-aserin-bolisti/

pixel