Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші кездесудің өтетін орны белгілі болды

Опубликовано:

Головкин мен Альварес
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Ethan Miller/Getty Images

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қайда өтетінін хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, көптен күткен кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында T-Mobile аренада өтеді.

Бұған дейін қос боксшы арасындағы екі жекпе-жек дәл осы аренада өткен еді.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" трилогиясы 17 қыркүйекте өтеді деп күтілуде.

Былғары қолғап шеберлері алғаш рет 2017 жылдың қыркүйегінде жұдырық түйістірген болатын. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші мәрте өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Биылғы жылдың 7 мамырында "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Ал 9 сәуір күні Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті боксшы Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізіп, кәсіби мансабындағы 44-ші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1975131-golovkin-men-alvares-arasyndagy-usinsi-kezdesudin-otetin-orny-belgili-boldy/

pixel