Мхитарян "Интер" ойыншысы атанды (фото)

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Армения құрамасы мен "Рома", "Арсенал", "Манчестер Юнайтед", "Шахтер", "Боруссия Дортмунд" клубтарының бұрынғы ойыншысы Генрих Мхитарян миландық "Интер" сапына қосылды, деп хабарлайды Sports.ru.

Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.

33 жастағы Армения ойыншысы миландық ұжыммен 2024 жылға дейін келісімшартқа отырды. Оған сәйкес, жартылай қорғаушы бір маусымда 3,5 миллион еуро жалақы алмақ.

"Интер" футбол клубы жақын арада Мхитарянның команда сапына қосылғанын ресми түрде әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялайды деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде армениялық футболшы "Қайрат" сапына ауысады деген ақпарат тараған еді.

Бұған дейін Генрих Мхитарян "Шахтер", "Боруссия", "Манчестер Юнайтед", лондондық "Арсенал", римдік "Рома" сияқты еуропалық клубтарда доп тепкен.

Ол өткен маусымда Конференция лигасының жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1975386-mxitaryan-inter-oiynsysy-atandy-foto/

jitsu gif