Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инсайдер Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Сауль Альварес - Геннадий Головкин
Сауль Альварес - Геннадий Головкин. Фото: Ethan Miller/Getty Images

Кәсіпқой бокстағы инсайдер әрі агент Рик Глейзер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес үшінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алуы мүмкін екенін айтты. Ол өз болжамымен Twitter әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рик Глейзердің пікірінше, "Канело" - GGG арасындағы "трилогия" орта салмақта өтетін тағы бір жекпе-жек Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд арасындағы кездесуден қызықты, тартысты болмақ.

Риктің болжамынша, Головкин мен Альварес бұл жекпе-жек үшін 80 млн доллар (АҚШ) гонорар алуы мүмкін. Бұл екі боксшыға кепіл ретінде белгіленген гонорар дейді инсайдер.

"Ал Спенс-Кроуфорд бұл кездесу үшін кепіл ретінде 30 млн доллар гонорар алатын шығар", - дейді ол.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Кездесуде "Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1975475-insaider-golovkin-alvares-usinsi-zekpe-zek-usin-qansa-gonorar-aluy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel