Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мария Агапова UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізеді: Спортшы арудың қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

Мария Агапова
Мария Агапова. Фото: instagram.com/mma.mashka/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық ару Мария Агапова осы жазда октагонға қайта оралады. Оның келесі жекпе-жегіне қатысты мәліметтер шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Агапованың алдағы жекпе-жегі туралы ақпарат UFC Russia-ның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Отандасымыздың қарсыласы - Оңтүстік кореялық Дже Йон Ким. Ол мансабында тоғыз рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліп және екі кездесуде қарсыласымен тең түскен. Дже Йон Ким соңғы үш жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.

Мария Агапова мен Дже Йон Ким арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек биыл 31 шілдеде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мария Агапованың соңғы жекпе-жегі биыл наурыз айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. UFC 272 турнирінде отандасымыз украиналық Марина Мороздан жеңілді.

Мария бұған дейін UFC-де төрт рет октагонға көтерілген. Оның екеуінде жеңіске жетсе, екі жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1975478-mariya-agapova-ufc-degi-besinsi-zekpe-zegin-otkizedi-sportsy-arudyn-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel