Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының футболшысы Максим Федин Ислам дінін қабылдады (фото)

Опубликовано:

Максим Федин
Максим Федин. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының футболшысы Максим Федин ислам дінін қабылдады. Бұл сәттің фотосын ол Instagram stories-те жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Максим Федин ислам дінін қабылдағанын фото арқылы жеткізіп, "Альхамдулиллах" деп жазды.

Кадрдан футболшының мешітте имамның жанында тұрғанын байқауға болады.

Максим Федин
Максим Федин. Фото: Instagramstories/fedinm

Metaratings мәліметінше, түркістандық "Тұранның" жартылай қорғаушысы жақында ақтаулық "Каспийге" ауысады.

Ағымдағы маусымда Максим Федин "Тұран" сапында бес матч өткізіп, нәтижелі ойынымен көзге түскен жоқ. Футболшы бір ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұған дейін Максим Федин "Ертіс", "Атырау", "Қайсар", "Оқжетпес", "Тобыл" және сербиялық "Спартак" командаларында доп тепкен.

Ол Қазақстан құрамасында 18 матчқа қатысып, бір гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1975545-qazaqstan-quramasynyn-futbolsysy-maksim-fedin-islam-dinin-qabyldady/

pixel