Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC-да енді кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Опубликовано:

Боец Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов(16-0) UFC турнирінде америкалық Нил Магниді (26-10) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

"Мен әрқашан мерзімінен бұрын айқасты аяқтаймын, сондықтан адамдар мені жеңіске тез жеткісі келеді деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мен жай ғана өз мүмкіндігімді, ұрымтал сәтті күтемін", - деді ол.

Сондай ақ, Шавкат келесі қарсыласы ретінде 39 жастағы ММА спортының ардагері Стивен Томпсонды көргісі келетінін де тілге тиек етті. 

Айта кетейік, бүгін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен кездесті.  Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды. Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үш минутты өз еншісіне жазды. 

Екінші раунд аяқталар сәтте 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті. Осылайша, Шавкат UFC-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1975720-savkat-raxmonov-ufc-da-endi-kimmen-tobeleskisi-keletinin-aitty/

pixel