Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" және "Ақжайық" футбол клубтарының директорлары қызметінен кетті

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

"Ақтөбе" және "Ақжайық" футбол клубтарының директорлары қызметінен кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақжайық" футбол клубының директоры Азамат Шайхы өз еркімен клубпен келісімшартты бұзуды ұйғарды. Алдағы жұмыста Азамат Ерболұлына сәттілік, толағай табыс тілейміз", - деп хабардар етті "Ақжайық" футбол клубы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Азамат Шайхы бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарып келген еді.

Ал Ерлан Жамантаевтың "Ақтөбе" футбол клубының директоры қызметінен кеткенін клубтың бас бапкері Андрей Карпович хабарлады, деп жазады KazFootball.kz.

Ерлан Жамантаев
Ерлан Жамантаев. Фото: KazFootball.kz

Естеріңізге сала кетейік, Жамантаев өткен жылдың 25 мамырында бұл қызметке тағайындалған болатын. Ол Артур Смағұловтың орнына келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1975845-aqtobe-zane-aqzaiyq-futbol-klubynyn-direktorlary-qyzmetinen-ketti/

pixel