Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

A'SU бренд-амбассадоры Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 57 турнирінде жеңіске жетті

Опубликовано:

A'SU
Фото: A'SU

Өткен жексенбіде Ultimate Fighting Championship – UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы қарсыласын ойсырата жеңген болатын.

Сергей Морозов жекпе-жекті өз пайдасына шешіп, қарсыласын сөзсіз жеңе алды. Жекпе-жек жоспар бойынша 15 минутқа созылып, төрешілер 29:28 есебімен жеңісті бірауыздан қазақстандық ойыншыға берді.

Бұл тартыс 3 жылдан бері Морозов жетекшілік ететін A'SU TEAM жобасының философиялық мәнін толықтай айшықтайды. Жобаның философиясы өзін-өзі жеңіп, қолынан барлығы келетінін дәлелдеуді мақсат тұтқан қазақстандықтардың басын біріктіріп отыр.

Өткен жекпе-жек бірінші раундтан бастап өте күрделі болды. Бастапқыда қазақстандық спортшы 26 жастағы қарсыласы Раулиан Пайвқа мәжбүрлі түрде тойтарыс беріп жатқандай көрінген. Алайда екінші раундта-ақ қарсыласын канвасқа жіберген Морозовтың үстемдігі айқын байқалды.

Сергей Морозов
Фото: A'SU

Екінші раундтағы Морозов аяғына дейін жеткізген бес тейкдаунның бірі Пайвтың үмітін ойран қылды. Нәтижесінде Морозов қарсыласын жалпы соққы тигізу саны бойынша да (82:63), діттеген соққылар саны бойынша да (68:63) басым түсті. Тәжірибе, төзімділік және жеңіске деген жігер жекпе-жектің нәтижесін анықтады – қазақстандық үшін бұл UFC-дегі төртінші жекпе-жек және оның екінші жарқын жеңісі болды.

Сергей Морозов:

"Бірінші раундта мен арпалысумен болдым, не ден қою, не ойды жинақтау болмады. Ондай болып тұрады. Екінші раундтан бастап ойындағы өз жолымды тауып, жекпе-жекті өз пайдама өзгерте алдым. Мен асығуды қойдым, ойымды жинақтадым және мұны жасай алдым. Себебі бәрі де мүмкін. Әрқайсымыз алдымызға белгілі бір мақсат қоямыз. Біреулер бір шақырымға жүгіруді мақсат етеді, енді біреу үшін басты мақсат – Әлем чемпионатында жеңіске жету. Барлығы да мүмкін. Ең бастысы қолыңнан келетініне сену. Бұл біздің #ASUTEAM жобасының астарында жатқан философия. Бұл тамаша бастама және мен адамдарды күн сайын жетістікке жетелеп, сенімділік беретін команданың бір бөлігі екенімді мақтан тұтамын".

A'SU ауыз суы Қазақстанда олимпиадалық қозғалысты қолдау бойынша жетекші орындардың бірін алады. Біз Сергейге жаңа жетістіктер, үлен жеңістер және A'SU брендімен қызықты бірлескен жобалар тілейміз.

Instagram желісіндегі жобаның ресми парақшаларында челленджге қосылу арқылы #ASUTEAM командасының бір бөлігі бола аласыз:

­­­­­­@asu_water

@asu_kyrgzstan

A'SU – гармонияда бол және бір жайтты естен шығарма – сенің қолыңнан бәрі келеді!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1975866-asu-brend-ambassadory-las-vegasta-otken-ufc-vegas-57-turnirinde-zeniske-zetti/

pixel