Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрғожа Қайпанов өзінің әккі қарсыласын жеңіп, Қазақстан чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі/Сали Сабиров,

Қарағанды қаласында күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде бес салмақ бойынша үздіктер анықталды. Ел чемпионы атанған спортшылар арасында Нұрғожа Қайпанов та бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақтағы финалдық белдесуді жанкүйерлер асыға күтті.

Себебі, бұл салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі екі дүркін Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов пен екі дүркін Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының 5-орын иегері Данияр Қайсанов белдескен болатын.

Тартысты кездесуде 14:8 есебімен Қайпанов жеңіске жетті. Бірінші кезеңде бір ұпай айырмасымен қарсыласына жол берген ол екінші айналымда бар шеберлігін салып, соңғы секундтарда Даниярды мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетелік, Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша биылғы әлем чемпионатына баратын құрам анықталады.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі 1 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1975898-nurgoza-qaipanov-ozinin-akki-qarsylasyn-zenip-qazaqstan-cempionatynda-top-zardy/

pixel