Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте маңызды жеңіс": Әйгілі Хабиб Нурмогамедов қазақстандық спортшының арқасынан қақты (видео)

Опубликовано:

Әйгілі Хабиб Нурмогамедов қазақстандық спортшыны мақтады
Хабиб Нурмогамедов пен Сергей Морозов. Скриншот: instagram.com/ufcrussia/

Ережесіз жекпе-жектен Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 57 турнирінде қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті. Ақтөбелік спортшының бұл жеңісіне әйгілі ММА жұлдызы Хабиб Нурмогамедов баға берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Хабиб пен Сергейдің арасындағы кішігірім сұхбатты UFCRussia парақшасы жариялады. Екеуара әңгімеде Хабиб Сергейдің жекпе-жегін талқылап, аяқпен жұмыс істеу қажеттігін айтқан.

Сондай-ақ Хабиб әңгіме соңында Морозовты құшағына алып, өте маңызды жеңіске қол жеткізгенін мәлімдеді.

Видеодан Сергей Морозовтың толқып тұрғанын байқауға болады.

Айта кетелік, аталған кездесу Морозовтың UFC-де өткізген соңғы кездесуі. Ол Лас-Вегастағы ММА кешінде бразилиялық Раулиан Пайваны жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1975899-ote-manyzdy-zenis-aigili-xabib-nurmogamedov-qazaqstandyq-sportsynyn-arqasynan-qaqty-video/

pixel