Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин Альвареспен трилогия жөнінде: Бұл – менің арманым

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Kevork Djansezian/Getty Images

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

"17 қыркүйекте мен үшін ғана емес, "Канело" үшін ғана емес, барлық жанкүйер үшін, бүкіл бокс үшін үлкен жекпе-жек болады. Біз боксты жаңа деңгейге көтереміз. Бәлкім, бұл бокстағы ең үздік, тарихи жекпе-жек те шығар. Бұл менің арманым!", - деп ағынан жарылды Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Кездесуде "Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынады.

Боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. 2018 жылы өткен екінші кездесуде Сауль Альварес ұпай санымен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1975942-golovkin-alvarespen-trilogiya-zoninde-bul-menin-armanym/

pixel