Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия құрамасының бұрынғы футболшысы Верона қаласының мэрі болды

Опубликовано:

стадион
Көрнекі фото: pixabay.com

"Рома" мен Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Дамиано Томмази Верона қаласының мэрі болып сайланды, деп хабарлайды Sports.ru.

48 жастағы бұрынғы футболшы левоцентристік демократиялық партия атынан қолдау тауып, сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан. Сөйтіп, қазіргі қала мэрі Федерико Сбоаринаны жеңген.

Дамиано Томмази 54,4 пайыз дауыс жинаса, Федерико Сбоарина сайлаушылардың 46,6 пайыз дауысына ие болған.

Айта кетейік, Дамиано Томмази 2011 жылдан 2020 жылға дейін Италия футболшылар қауымдастығының басшысы қызметін атқарды.

Томмази "Рома" сапында 2001 жылы Италия чемпионы атанды. Ол Италия құрамасымен де көптеген жетістікке жетті. Бұрынғы футболшы 2002 жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында өнер көрсетті.

Дамиано Томмази Қытай, Англия, Испания біріншіліктеріне де қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1975990-italiya-quramasynyn-buryngy-futbolsysy-verona-qalasynyn-meri-boldy/

pixel