Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC рейтингіcінде үздік ондыққа кірді

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов 11
Фото: Sports.kz

UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, деп хабарлайды prosports.kz.

Шавкат Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылғындыру әдісімен жеңді. Бұл оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға төмендеп, 12-орынға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1976079-savkat-raxmonov-ufc-reitingicinde-uzdik-ondyqqa-kirdi/

pixel