Сауль Альварес: Үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіремін
Опубликовано:

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді үшінші жекпе-жекте нокаутқа түсіре алатынына сенімді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Үшінші кездесу өзгеше болады. Мен бұл жекпе-жекті нокаутпен аяқтаймын. Маған басқа адамдардың не деп жатқаны қызық емес. Головкин - мен үшін ең нашар боксшылардың бірі", - дейді "Канело" Seconds Out-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Кездесуде "Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынады.
Боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. 2018 жылы өткен екінші кездесуде Сауль Альварес ұпай санымен жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1976256-saul-alvares-usinsi-zekpe-zekte-golovkindi-nokautqa-tusiremin/