Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Исламға қайта оралдым": Футболшы Максим Федин діни ұстанымына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Максим Федин ислам дініне оралғанын айтты
Максим Федин. Фото: prosports.kz

Қазақстандық футболшы Максим Федин өз мансабындағы ауыс-түйістерге қатысты сұхбат беріп, ислам дініне қайта оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы Prosports.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ұлттар лигасындағы ұлттық құраманың ойынын тамашаладым. Жігіттер жарап тұр. Оларды барша ел мақтан тұтады деп ойлаймын. Ұлттық құрамамен мен де мақтанамын. Бас бапкер Магомед Адиев маған телефон шалған жоқ. Құдай қаласа, еліміздің бас командасына шақырту алу үшін көп жұмыс істейтін боламын. Өз отаныңның намысын қорғау – үлкен абырой. Қазіргі сәтте "Тұраннан" кетіп қалдым, Ресейден бірнеше ұсыныс түскен. Алайда, нақты мәліметтер жоқ", - деді Максим.

Сондай-ақ, футболшы ислам дінін қабылдағанына қатысты өз ойын айтты.

"Мен исламға енді келген жоқпын. Исламға қайта оралдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық бауырларға рахмет айтамын. Қолдау көрсеткендердің бәріне бірдей жауап беретін мүмкіндік болмады", - деді Федин.

Айта кетелік, футболшы Максим Федин өзінің ислам дінін қабылдағанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1976263-islamga-qaita-oraldym-futbolsy-maksim-fedin-dini-ustanymyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel