Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісті (видео)

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға оралу үшін жаттығу жұмыстарын бастады.

Sports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы спортшы АҚШ-қа келіп, Окснард қаласында (Калифорния штаты) жаттығу жұмыстарына кіріскен.

Қанат Исламның дайындықты бастағаны туралы видеоны оның тәлімгері Роджер Ромо Instagram парақшасында жариялады.

Кадрдан боксшының бапкермен бірге рингте жаттығу жасап жатқанын байқауға болады.

Дегенмен Қанат Исламның әзірге шаршы алаңға қашан шығатыны және кіммен жұдырықтасатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын. Екі боксшы орта салмақтағы WBO Global ваканттық атағына таласты.

Жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласына есе жіберді. Бұл - боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1976346-qanat-islam-mansabyndagy-algasqy-zenilisinen-keiin-aqs-ta-zattygu-zumystaryna-kiristi-video/

pixel