Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неймар "ПСЖ"-мен келісімшарт мерзімін ұзартты

Опубликовано:

Неймар
Неймар. Фото: Catherine Steenkeste/Getty Images

Бразилиялық ойыншы Неймар мен "ПСЖ" арасындағы келісімшарт мерзімі автоматты түрде ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

L’Equipe басылымының мәліметінше, жаңа келісімшарт 2027 жылға дейін ұзартылған. Бұған дейін париждіктер жалақыны түсіру үшін футболшымен қоштасқысы келген еді. Алайда бразилиялық клубтан кетуден бас тартты.

Неймардың "ПСЖ"-мен келісім шарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды.

30 жастағы шабуылшы өткен маусымда барлық турнирлерде 28 ойынға қатысып, 13 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, "ПСЖ" ойыншысы Киллиан Мбаппе де биыл клубпен келісімшарт мерзімін ұзартқан болатын. Бірқатар шетелдік БАҚ оның биыл мадридтік "Реал" сапына өтеді деп жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1976728-neimar-psz-men-kelisimsart-merzimin-uzartty/

pixel