Елена Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымына өтті
Опубликовано:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Англия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен бақ сынасты. Бірінші партияда тай-брейкте Рыбакина сәттірек ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Елена Рыбакина 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Еенді ол "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына шығу үшін рейтингте 80-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичпен таласады. Ол әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы ұтып кетті – 6:2, 7:6 (7:5).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1976735-elena-rybakina-uimbldonnyn-tortinsi-ainalymyna-otti/