Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан Барысы" атанған балуан қуаныштан бапкерін арқалай жүгірді

Опубликовано:

"Қазақстан Барысы" атанған бапкер қуаныштан бапкерін арқалай жүгірді
Видеодан кадр: instagram.com/kzsports

"Қазақстан Барысы" турнирінің биылғы жеңімпазы, Қызылорда облысының өкілі Мақсат Исағабылов жеңіске жеткен сәтін ерекше атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалда Мақсат маңғыстаулық балуан Нұрдәулет Жарылғаповты жеңген болатын. Болашақ чемпионға жеңіске жету үшін 52 секунд қажет болды.

Өзінен әлдеқайда ауыр қарсыласын ұтып, еліміздегі ең ірі спорттық додада топ жарған Мақсат жеңісті сәтін де ерекше атап өтті. Ол өзінің жеке бапкерін арқалап, кілемді айнала жүгірген.

Айта кетелік, күрес түрлерінде жеңіске жеткен балуанның бапкеріне осылай құрмет көрсетуі дәстүрге айналған. Кейбір спортшылар бапкерін кілемге алып ұрып, әдіс жасауы арқылы өз ілтипатын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1976792-qazaqstan-barysy-atangan-bapker-quanystan-bapkerin-arqalai-zugirdi-video/

pixel