Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы нокдаун алғанына қарамастан, кубалық қарсыласын жеңді

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы кездесу кезінде нокдаун алып қалды
Абзал Құттыбеков. Фото: dingek.kz

Нұр-Сұлтанда бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандықтар 11 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірінші рет ұйымдастырылған турнир 13 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Қазақстан қоржынына Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Саматәлі Төлтаев, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, Абзал Серік, Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай және Абзал Құттыбеков алтын медаль салды.

Аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай төрешілер шешімімен күміске иелік етті. Ал команда капитаны Асланбек Шымбергенов бокстан әлем чемпионы, жапондық Шевон Оказаваны ұтқан.

Сондай-ақ, 86 келіде жұдырықтасқан Абзал Құттыбеков кубалық Яиниер Аериомен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті. Алғашқы екі раундта көш бастап келе жатқан Құттыбеков соңғы кезеңде күтпеген жерден нокдаун алып қалды. Десе де, төрешілер жалпы жекпе-жек қорытындысында жеңісті Абзалға берді.

Айта кетелік, "Елорда кубогі" турнирі алғаш рет ұйымдастырылуда. Жарысқа ондаған мемлекеттен спортшылар қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1976940-qazaqstandyq-bokssy-nokdaun-alganyna-qaramastan-kubalyq-qarsylasyn-zendi/

pixel