Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Милан" футбол клубының сапына белгілі футболшы қосылды (видео, фото)

Опубликовано:

"Милан" футбол клубы
Көрнекі фото: pixabay.com

"Бельгия" құрамасының шабуылшысы Дивок Ориги "Милан" футбол клубының ойыншысы атанды. Ол өткен маусымда "Ливерпуль" сапында өнер көрсеткен болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дивок Оригидің команда сапына ресми түрде қосылғанын "Милан" футбол клубының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ливерпульдің" бұрынғы ойыншысы Италия чемпиондарымен 2026 жылға дейін келісімшартқа отырған.

Оның "Милан" сапына еркін агент ретінде қосылғаны белгілі болды.

27 жастағы бельгиялық "Ливерпуль" сапында Англия біріншілігін, Англия кубогын, Лига кубогын, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін париждік "Пари Сен-Жермен" футбол клубының бас бапкері қызметіне Кристоф Гальтенің келгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1977128-milan-futbol-klubynyn-sapyna-belgili-futbolsy-qosyldy-video-foto/

pixel