Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахматшы Бибісара Асаубаева Сербияда өткен халықаралық жарыста жүлделі орын алды

Опубликовано:

Бибісара
Фото: Instagram/bibisarachess

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Сербияда өткен Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Шахматшы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Олимпиада алдында турнирде жаттығып алдым. "Сербия опен" (автордың орфографиясы- ред.), Шеберлер турнирі, әйелдер арасында 3 орын, рейтингте жоғарылау", - деп жазды ол.

Сондай-ақ Бибісара Асаубаева алда өзінің сүйікті жаттықтырушыларына, оқу-жаттығу жиынына баратыны туралы жазды.

Сөз соңында шахматшы өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтуды ұмытпады.

Еске сала кетсек, Бибісара Асаубаева 2021 жылғы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жеткен еді.

Осы жарқын жеңісінен кейін ол ең жас әлем чемпионы атанған шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977306-saxmatsy-bibisara-asaubaeva-serbiyada-otken-xalyqaralyq-zarysta-zuldeli-oryn-aldy/

pixel