Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің финалына шықты

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: SEBASTIEN BOZON/AFP via Getty Images

23 жастағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 23-ракетасы) мансабында алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат, 17 минутқа созылды.

Қазақстан тарихында еш теннисші Үлкен Дулыға сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шығып көрмеген.  

Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі.

Айта кетейік, Симона Халеп 2019 жылы Уимблдон жеңімпазы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977431-elena-rybakina-uimbldon-finalyna-syqty/

pixel