Аргентинаның атақты футболшысының келесі маусымда қай клубта ойнайтыны белгілі болды (фото)
Опубликовано:

Аргентина құрамасының шабуылшысы Анхель Ди Мария "Ювентус" сапына қосылды. Футболшы туриндік ұжымда 22-нөмірмен өнер көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты "Ювентус" клубының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.
"Пари сен Жермен" клубының бұрынғы ойыншысымен туриндік ұжым 2023 жылға дейін яғни бір жылдық келісімшартқа отырды.
БАҚ беттерінде 34 жастағы аргентиналық шабуылшы жылына 6 миллион еуро алады деген ақпараттар тарады. Сонымен қатар бонустар да қарастырылған.
Еске сала кетейік, Анхель Ди Мария бұған дейін "Бенфика", "Реал мадрид", "Манчестер Юнайтед", "ПСЖ" клубтарында доп тепкен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1977681-argentinanyn-ataqty-futbolsysynyn-kelesi-mausymda-qai-klubta-oinaityny-belgili-boldy-foto/