Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадридтік "Реалдың" негізгі құрамына іліне алмаған футболшы "Фиорентинаға" ауысты

Опубликовано:

Йович
Йович. Фото: twitter.com/acffiorentina

Сербия құрамасының шабуылшысы Лука Йович келесі маусымда Италия чемпионатында доп тебеді. Футболшы "Фиорентина" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Бұл туралы "Фиорентина" клубының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

24 жастағы Сербия құрамасының шабуылшысы италиялық клубпен 2024 жылға дейін келісімшартқа отырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы мадридтік "Реал" Йовичті Германия біріншілігінде өнер көрсететін "Айнтрахттан" 60 миллион еуроға сатып алған болатын.

Алайда шабуылшы карольдік клуб сапында негізгі құрамға іліне алмады. Ол "Реал" сапында 51 матчта алаңға шығып, 3 рет қана мергендігімен көзге түсті. Өткен маусымда шабуылшы 19 матчта бір гол соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1977700-madridtik-realdyn-negizgi-quramyna-iline-almagan-futbolsy-fiorentinaga-auysty/

pixel